08 Маус 2021
Жаңалықтар

Тарбағатай ауданының білім бөлімінің жоспарына сай 2021 жылдың 15 қаңтар күні мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиенің психологтарына арналған аудандық "Мектепке дейінгі ұйымдардағы психологтардың атқаратын рөлі" тақырыбында конференция өтті.

Тарбағатай ауданының білім бөлімінің жоспарына сай 2021 жылдың 15 қаңтар күні мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиенің психологтарына арналған аудандық "Мектепке дейінгі ұйымдардағы психологтардың атқаратын рөлі" тақырыбында конференция өтті. Конференцияда бөлім әдіскері Қ. Рахимбаева конференцияның бағдарламасымен таныстырды . Конференцияда "Балауса-Балғын" ясли-бақшасының психологы Шомбина Сәуле "Дос болайық бәріміз" атты психологиялық тренинг сабағын 4 - 5 жастағы топ тәрбиеленушілермен практикалық жұмысын көрсетіп іс-тәжірибесімен бөлісті. М. Әуезов (Ақжар) атындағы орта мектептің шағын орталықтың психологы Рысбекова Индира "Балабақшаларда қашықтықтан оқыту прогресстері" тақырыбында баяндамасын оқып, өзінің іс-тәжірибесін практика түрінде көрсете білді. М. Әуезов (Көкжыра)атындағы орта мектептің шағын орталықтың психологы Абылғазин Қайнар "Мектепке дейінгі ұйымдардағы психологиялық қызметтің қазіргі жағдайдағы рөлі тақырыбында баяндама жасап іс-тәжірибесімен бөлісті. "Еркеназ" ясли-бақшасының психологы Тұрсынғалиева Мейрамгүл "Мектепке дейінгі ұйымдардағы психологтардың атқаратын рөлі" тақырыбында баяндама жасап, слайд видео арқылы іс-тәжірибесін көрсетті. С. Сейфуллин (Сатпаев) атындағы орта мектептің шағын орталық психологы Ахметов Мағжан "Гипербелсенді балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің мәні" тақырыбында слайд арқылы гиперактивті баланы анықтау критерийлері мен гипербелсенді балалармен жұмыс жүргізу жолдары , гиперактивті балаға қалай көмектесуге болады, гиперактивті баламын қалай ойнау керек және гиперактивті баланың ата-аналарымен қалай жұмыс жасау керектігі туралы іс-тәжірибесімен бөлісті. Конференция барысында жас психолог мамандар тәжірибелі психолог мамандармен пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Конференция соңында бөлім әдістері Қ. Рахимбаева қорытынды сөз сөйлеп, іс-тәжірибелерімен бөліскен психолог мамандары аудандық білім бөлімінің мақтау қағазымен марапатталды.

Пайдалы ақпараттық ресурстар