08 Маус 2021
Жаңалықтар

«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі»

«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,
өйткені мұғалім – мектептің жүрегі»
Ыбырай Алтынсарин
Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді.
Канафин Бектұр Канафиянович
1944 жылы 1 қазанда Тарбағатай ауданы Жаңа ауылында дүниеге келген. 11 сыныпта Ақжар ауылының Абай атындағы орта мектебін бітірген.1964 жылы Өскемен педагогикалық институтының химия- биология факультетіне түсіп , 1964 жылы өте жақсы деген бағамен аяқтаған. Институтты бітіргеннен кейн Тарбағатай аудандық оқу білімінде инспектор- методист қызметін атқарды.1992-2002 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы орта мектебінің директоры және химия – биология пәнінің мұғалімі болды.Мектепте директор болған кезінде метебіміз екі регион (аудан) бойынша алдынғы қатарда көрінді. М.Әуезов атындағы орта мектебінде көп жылдан бері басшылық қызметін атқарған ол кісі біздің мектепте үлгілі басшы бола білді. Басшылық еткен жылдары М.Әуезов атындағы орта мектебі үнемі алдынғы қатардан көрініп , білім сапасы артты, оқу бітірген түлектердің көбі білім гранттарында оқыды , мұның өзі Канафин Бектұрдың мықты педагог екенін көрсетеді.
Осы атқарған қызметтерінің Халық ағарту саласына сіңірген елеулі еңбегі атаусыз қалған жоқ.1996 жылы 25 сәуірде білім беру саласындағы ерекше Еңбегі үшін, « Қазақстан Республикасының білім беру үздігі» белгісімен және 2006 жылы «Әлеуметтік экономикасының дамуына» қосқан үлесі үшін төсбелгісі (медальмен) , көптеген облыстық, аудандық мақтау қағаздарымен марапатталып, ұжым арасында да сый құрметке бөленді.
Канафин Бектұр жары Гүлзира апай екеуі отбасында үш бала тәрбиелеп жеткізіп , жоғары оқу орындарында оқытты.Үш баласынан 7 немересі бар.Немересінің алды Халықаралық Түркістан университетінде оқиды.
Бүгінде Бектұр ағамыз ортамызда жоқ. Бектұр ағамыздың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.

Пайдалы ақпараттық ресурстар