08 Маус 2021
Жаңалықтар

"Оқуға құштар мектеп"

Тарбағатай ауданының білім беру бөлімінің "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 2020 жылдың 27 қарашада облыстық білім басқармасының № 02/6577 хаты негізінде мектептерге жоспарын жіберіліп,осы бағытта шаралар өткізуде. Бұл жоба 2020-2025 жылдарға арналған білім беру ұйымдарының кітапханаларын келешекте дамыту жөніндегі жол картасы аясында жүзеге асады. Нәтижесінде мектеп кітапханаларының жұмысына түбегейлі өзгерістер жасалмақ. Жобаның мақсаты – еліміздегі кітапханалар ахуалы мен көркем әдебиеттерге деген оқушылар мен жастардың қызығушылығын арттыру.Сол жоспардың аясында жұмыстар төмендегі мектептерде өткізілуде. "Кітап сыйла" акциясы бойынша ата-аналар, мұғалімдер жеке кітапханасынан мектеп кітапханасына оқушыларға қажетті кітаптарды сыйға тарту етуде. Мысалы: Қожагелді батыр атындағы орта мектебінің мұғалімдері Секенова М, Ғарифоллақызы А, Қ.Билялов атындағы мектеп-лицей, С.Торайғыров, М.Әуезов, Сасан би, Қ.Қайсенов, Ғ.Мүсірепов, А.Байтұрсынов атындағы орта мектептерінде жұмыстар атқарылуда.

Пайдалы ақпараттық ресурстар