08 Маус 2021
Жаңалықтар

"Оқуға құштар мектеп"

Тарбағатай ауданының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сай "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында мектеп кітапханашылар арасында аудандық онлайн семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты: оқушылардың оқу мәдениетінің деңгейін және олардың оқу белсенділігінің өсуін арттыру, жас ұрпақ бойында азаматтық, рухани- адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, оқушылар,педагогтер және ата-аналар арасында оқуды танымал ету үшін жағдай жасау.
Жетіарал мектеп-балабақша кешенінің кітапханашысы Л.Нұрханова "Президент ұсынған 30 кітап", Сасан би атындағы орта мектептің кітапханашысы А.Тілеуханова "Кітап оқудың пайдасы"тақырыбында редикс түрінде іс тәжірибе алмасты. Семинарда ата-аналарды балаларының кітап оқуға белсенділігін арттыру, кітапханаға кітап сыйлау, отбасылық бос уақытта кітап оқу ортасына айналдыру,рухани қарым-қатынас жасау жөнінде айтылды.
Семинарда іс -тәжірибе көрсеткен кітапханашыларға білім беру бөлімінің басшысының мақтау қағазымен марапатталды.

{gallery}347{/gallery}

Пайдалы ақпараттық ресурстар