08 Маус 2021
Жаңалықтар

«Оқушыларды олимпиадаларға дайындаудың тиімді жолдары»

21 қаңтар 2021 жылы Тарбағатай ауданы білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің жоспарына сай «Оқушыларды олимпиадаларға дайындаудың тиімді жолдары»тақырыбында мектеп директорының бейіндік істер жөніндегі орынбасарлары және дарынды балалармен жұмысты үйлестірушілерімен аудандық конференция өткізілді.
Мақсаты:
Жас ұрпақтың терең білім алып, ой-өрісін өсіріп, шығармашылықпен жұмыс істей алуына жағдай туғызу, әрбір оқушының өзін-өзі дамытуына, өз мүддесі мен қызығуын қанағаттандыруына ынталандыру, бойындағы қабілетіне сай білімін ұштауына ықпал жасау.
Міндеттері:
ü Бала бойындағы бейімділікті байқай алу;
ü Қабілетті оқушыларды ерте анықтау;
ü Қабілетті оқушыларды анықтай отырып,оларды тәрбиелеп, білім беру жүйесін жетілдіру;
ü Оқушының дүниетанымын кеңейту, оларды зерттеушілік
қызметке баулу, ізденушілік қасиеттерін жетілдіру.
Конференцияда Қ.Билялов атындағы мектеп-лицейінің ағылшын пәні мұғалімі Ж.З.Қамысбаева «Оқушыларды олимпиадаға дайындаудың әдіс- тәсілдері», Қ.Билялов атындағы мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі Ө.А Қанағатов «География пәнінен олимпиадаға оқушы дайындаудың тиімді жолдары», Қ.Билялов атындағы мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі Н.А.Мұхтарбеков «Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау жұмысын ұйымдастыру», К.Нұрбаев атындағы орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі А.Аубакирова «Оқушыларды олимпиадаға дайындау жолдары» тақырыбында іс тәжірибе алмасты.
Семинарда іс тәжірибе көрсеткен мұғалімдер білім беру бөлімінің басшысының мақтау қағазымен марапатталды.

{gallery}344{/gallery}

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар