08 Маус 2021
Жаңалықтар

«Балабақшада музыка оқу қызметін ұйымдастырудың тиімділігі »

Тарбағатай ауданының білім беру бөлімінің жоспарына сай, 22 қаңтар 2021 жылы мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиенің музыка жетекшілеріне арналған «Балабақшада музыка оқу қызметін ұйымдастырудың тиімділігі » тақырыбында ZOOM форматында конференция өтті.
Конференцияның мақсаты мен міндеті.
1. Педагогтардың іс-тәжірибесін таратуға қолдау көрсету;
2. Көкейтесті мәселелерімен, ойларымен бөлісуге, іс-тәжірибе алмасуларына мүмкіндіктер туғызу;
3. Жас музыка мамандарының біліктіліктері мен шеберліктерін арттыру;
4. Оқу қызметтерін жүйелі ұйымдастыруларына әдістемелік қолдау көрсету;
5. Балабақшаларда музыка пән оқу қызметін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін көрсету.
К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінің музыка жетекшісі Жанұзақов Айтқали «Құстар біздің досымыз» апталық тақырыпқа сай, «Қарлығаш әнін үйрену» тақырыбында ашық оқу қызметін көрсетіп, іс-тәжірибесімен бөлісті.
«Балдырған» ясли-бақшасының музыка жетекшісі Кенжина Гульмира «Көңілді ноталар» тақырыбында тәрбиеленушілермен практикалық жұмыстар көрсетіп, іс-тәжірибесімен бөлісті.
«Еркеназ» ясли-бақшасының музыка жетекшісі Тұрсынғалиева Мейрамгул «Музыкалық аспаптар» тақырыбында іс-тәжірибесімен, ашық оқу қызметін көрсетті. М.Ауезов (Ақжар) атындағы орта мектебінің музыка жетекшісі Нұғыманова Қарлығаш өзінің практикалық тәрбиеленушілермен өткізген оқу қызметтерін, ертеңгіліктерімен бөлісті.
Конференцияны бөлім әдіскері қорытынды сөз сөйлеп, әр өткізілген оқу қызметтеріне жеке-жеке тоқталып, өз пікірін, ұсыныстарын білдірді.
Конференция соңында жоғарыда аталған іс-тәжірибелерімен бөліскен музыка жетекшілері аудандық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.

{gallery}53{/gallery}

Пайдалы ақпараттық ресурстар