08 Маус 2021
Жаңалықтар

«Балабақшада балалардың дене бітімінің жан-жақты дамуына жағдайлар туғызу»

Тарбағатай ауданының білім беру бөлімінің жоспарына сай, 29 қаңтар 2021 жылы мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиенің дене тәрбиесінің жетекшілеріне арналған « Балабақшада балалардың дене бітімінің жан-жақты дамуына жағдайлар туғызу » тақырыбында ZOOM форматында конференция өтті.
Конференцияның мақсаты:
1. Дене тәрбиесі оқу қызметі арқылы тәрбиеленушілердің дене бітімінің жан-жақты дамуына жағдай жасау;
2. Дене тәрбиесі оқу қызметін жүйелі ұйымдастыруды үйрету, әдістемелік қолдау көрсету;
3. Жас мамандардың біліктіліктері мен шеберліктерін арттыру;
4. Балабақшаларда дене тәрбиесі оқу қызметін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін көрсету.
К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінің дене тәрбиесінің жетекшісі Иманғалиев Әділет «Дене тәрбиесі оқу қызметінде тепе-теңдікті ұстап жүруді үйрету » тақырыбында ашық оқу қызметін көрсетіп, іс-тәжірибесімен бөлісті. «Балдырған»ясли-бақшасының дене тәрбиесінің жетекшісі Қалиоллаев Адлет «Дәстүрлі емес құралдар арқылы баланың қозғалыс белсенділігін қалыптастыру, денсаулығын нығайту» тақырыбында ашық оқу қызметін көрсетіп,тәрбиеленушілермен практикалық жұмыстар көрсетіп, іс-тәжірибесімен бөлісті. «Еркеназ» ясли-бақшасының дене тәрбиесінің жетекшісі Тұрғанбаева Балнұр «Мен спортшы боламын» тақырыбында іс-тәжірибесімен, ашық оқу қызметін көрсетті. Қ.Қайсенов атындағы орта мектебінің шағын орталығының дене тәрбиесінің жетекшісі Байғалиева Айнұр «Доппен жаттығулар арқылы қозғалыс тәжірибелерін байыту» тақырыбында іс-тәжірибесімен, ашық оқу қызметін көрсетті.Қ.Сатпаев (Жәнтікей) орта мектебінің шағын орталығының дене тәрбиесінің жетекшісі Бестібеков Наурыз «Дене тәрбиесі пәнінде ойын технологияларын қолдану арқылы балаларды жан-жақты дамыту» тақырыбында видиоролик арқылы ашық оқу қызметін көрсетті. Конференцияда бөлім әдіскері қорытынды сөз сөйлеп, әр өткізілген оқу қызметтеріне жеке-жеке тоқталып, өз пікірін, ұсыныстарын білдірді. МДТ шығармашылық топ мүшелері Ш.Маженова, Г. Сермангазина т.б қатысушылар пікірлерін айтып өтті. Конференция соңында жоғарыда аталған іс-тәжірибелерімен бөліскен музыка жетекшілері аудандық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен, сертификаттармен марапатталды.

Пайдалы ақпараттық ресурстар