08 Маус 2021
Жаңалықтар

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі. Ыбырай Алтынсарин

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,
өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.
Ыбырай Алтынсарин

Баяршинова Сақыш Орынбайқызы - Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің зейнеткер ұстазы. 1955 жылы 21тамызда Тарбағатайауданы Қарасу ауылындадүниеге келген. 1962-1969 жылдары осы ауылдағы Чкалов атындағы орта мектепте 8 жылдық білім алып, Тұғыл ауылындағы Ш.Уалиханов мектебін 1971-1972 жылдары тәмамдаған.
Мектептен түлеп ұшқан болашақ ұстаз Өскемен қаласындағы педагогикалық училищенің филология факультетіне «Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі»мамандығына оқуға түседі. Қолына диплом алған соң, жас маман алғашқы еңбек жолын 1974жылы Қарасу ауылындағы Б.Майлин орта мектебінің бастауыш сынып оқушыларына орыс тілі пәнінің мұғалімі ретінде бастайды. 1976 жылы отбасы жағдайына (тұрмысқа шығады) байланысты Зайсан ауданының Қаратал ауылындағы Киров орта мектебіне ауысады. 1980 жылы жолдасының жұмыс бабына орай Тұғыл ауылына Ш.Уалиханов орта мектебіне орналасады. Осы жылы Т.Рысқұлов мектебіне ауысады.
Еңбек еткен жылдарында түрлі аудандық семинарлар өткізіп, «В мире сказок» атты үйірме жұмысына жетекшілік жасап, қажырлы еңбек еткен. Өткізген әрбір жұмыстары аудан, облыс көлемінде өте жоғары деңгейде бағаланған және аудандық, облыстық грамоталармен марапатталған. 1992 жылы зейнеткерлікке шыққан.
Сақыш Орынбайқызының білім берген шәкірттері бүгінде әртүрлі салада еңбек етіп келе жатқан зиялы азаматтар. Соның ішінде өзінің жолын қуып, ұстаздық жолын таңдаған шәкірттері Жакупов Ержан, Дузбаева Айнаш, т.б.
Бүгінгі таңда, ұлағатты ұстаз, зейнеткерлік жасқа келіп, қол қусырып қарап отырмай, ауылдағы қоғамдық шаралардың белсенді мүшелерінің бірі. Тұғыл ауылдық әкімшілігінде әйелдер кеңесінің мүшесі және өзі тұратын көшенің өкілі ретінде қоғамдық жұмыстар атқарып, аудан әкімінің төсбелгісімен және түрлі мақтау грамоталарымен марапатталған.
Отбасында 5 ағайынды, барлығы да өз істерінің білікті мамандары. Зейнеткер ұстаз екі ұлдың анасы және келіні мен немересі бар. Сақыш Орынбайқызына жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан орасан зор үлесі үшін, мықты денсаулық пен қажымас қайрат тілейміз.

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар