08 Маус 2021
Жаңалықтар

Мектептерде Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевқа арналған іс -шаралар өткізілуде.

Мектептерде Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевқа арналған іс -шаралар өткізілуде. Мұқағали Мақатаев-ғасыр ақынның өлеңдерін оқушылар жарыса орындауда. Ақын өлеңдері оқушыларды адалдыққа, тазалыққа, достыққа, туған жерін, елін, тілін құрметтеуге үйретеді.
Ақиық ақын «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді. Жалпы оның «Ақ қайың әні», «Аққулар ұйықтағанда», «Арман», «Шолпан», «Райымбек! Райымбек!», «Қашқын», «Моцарт.Жан азасы» атты поэма толғауы мен 650-ден астам лирикалық өлеңі бар. Сонымен қатар Дантенің «Құдіретті комедиясының» «Тамұқ» бөлімін (1971), Шекспирдің «Сонеттерін» (1970), Уолт Уитменнің өлеңдерін (1969) қазақ тіліне аударған. Ақынның көзі тірісінде 3 аударма кітабы жарық көрген.
Мұқағалидің «Саржайлау», «Сөнбейді әже, шырағың», «Кел, еркем, Алатауыңа» өлеңдеріне сазгер Нұрғиса Тілендиев ән шығарған. Сонымен қатар Шәмші Қалдаяқов, Бейбіт Оралұлы, Алтынбек Қоразбаев тағы басқа сазгерлер ән жазды.
Мұқағали Мақатаев 1976 жылы 27 наурызда 45 жасқа қараған шағында Алматы қаласында қайтыс болған.
Қазір Алматыда ақын атындағы мектеп, көше және сол көше бойында ескерткіш бар. Туған ауылы Қарасазда М.Мақатаев мұражайы жұмыс істеп тұр.

Пайдалы ақпараттық ресурстар