08 Маус 2021
Жаңалықтар

«Ахмет Байтұрсынов: «Мектептің жаны мұғалім» деп айтқан екен.

«Ахмет Байтұрсынов: «Мектептің жаны мұғалім» деп айтқан екен. Яғни, мектептің, одан тәлім-тәрбие алған баланың келешегінің қалай болатындығы ұстазға тікелей байланысты.
Исанова Орынжамал Дүйсенбекқызы 1955 жылы 11 наурызда бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келген.
1962- 1972 жылдары Абай атындағы орта мектепті бітірген.1972 жылы Семей облысы Шұбартау ауданы түлектерінің «Шолпан комсомол – жастар бригадасын құру үндеуі бойынша Абай ауданы «Қызылту» кеңшарындағы «Жас дәурен» бригадасында 1973 жылдың 4- шілдесіне дейін болған. 1973 жылдың 24 тамызында Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтының филология бөліміне оқуға қабылданып, 1977 жылы 28- маусымда бітіріп шығады. Осы жылдан бері үзбей ұстаздық қызметін атқарып келеді. Қыдырбек Билялов атындағы гимназия мектеп – интернатында 1997-2003 жылдары аралығында өз қызметін абыройлы атқарды.1990 жылдан жоғары санаттағы ұстаз.
Елімізде 2003- 2004 оқу жылынан басталған ҰБТ – да қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша «Алтын белгі», «Ерекше аттестатқа» ұсынылған оқушылары жүз пайыз балды қорғап отырған. 1989 – 90 оқу жылында «Қос тілділікке» байланысты Шымкент қаласында Республикалық семинарға қатысып, Ғ. Мүсіреповтың «Қазақ солдаты», М. Шолоховтың «Адам тағдыры» шығармалары бойынша сабақ өткізіп, ІІ орын алып, жоғарғы санатқа ұсынылды. 2000 жылы Халықаралық шығармалар байқауында шәкірті Гүлнүр Сағидолдина қатысып, марапатқа ие болды.
2012 жылдан «Жырлайды жүрек» ақындар отауына мүше. Тарбағатай ауданының «Ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен мараптталған. 2013 жылы құрметті демалысқа шықты. 2014 жылы шыққан «Суырлының сұлу саздары» атты Тарбағатай ақындарының жыр – өлеңдері топтамасына 10-15 өлеңі жарияланды.
Менің марапатым да жетістігім де шәкірттерімнің білімімен жетістіктері - дейді Орынжамал Дүйсенбекқызы.
Қазіргі уақытта «Тарбағатай ән-би» ардагерлер ансамбелінің мүшесі» және «Қ.Билялов атындағы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде құрылған Қамқоршылық кеңесінің төрайымы.

{gallery}3{/gallery}

Пайдалы ақпараттық ресурстар