08 Маус 2021
Жаңалықтар

Жалпы білім беретін ұйымдардың оқушылары арасында аудандық Әбіш оқуларының өткізу

Жалпы білім беретін ұйымдардың оқушылары арасында аудандық Әбіш оқуларының өткізу
ЕРЕЖЕСІ
1.Жалпы ережелер
Әбіш оқуларының ұйымдастырушысы аудандық білім бөлімі.
Осы ереже жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында өткізілетін Әбіш оқуларының мәртебесін, мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.

1. Әбіш оқуларының негізгі мақсаты мектеп оқушылары арасында Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана - сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.
2. Әбіш оқуларының негізгі міндеттері Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығының көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау арқылы оқушылардың ой - танымын кеңейту, олардың бойында өзіндік көзқарастарын қалыптастыру.


ІІ Әбіш оқуларының қатысушылары

1. Әбіш оқуларына білім беретін ұйымдардың 8 - 11 сыныптарының оқушылары қатыса алады.
ІІІ Әбіш оқуларын ұйымдастыру және өткізу тәртібі

1. Әбіш оқулары - 4 бағыт бойынша өткізіледі.
1) Үй тапсырмасы: Ә. Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер алдын ала салынып, таныстырылымы жасалынып бейнетаспасын білім беру бөліміне жиберілуі тиіс .
Қойылатын талаптар: Байқауға 1 оқушы қатысады. Жұмыс саны 3 - тен аспауы тиіс. Суреттің оң жақ бұрышында жұмыстың тақырыбы, оқушының аты – жөні, , мектебі, сыныбы мен жетекшісінің аты-жөні толық көрсетіліп жазылуы қажет.
Орындау техникасы: Жұмыс форматы - А3 түрінде. Кескіндеме (акварель, гуашь, акрил), графика (тушь, перо, қылқалам, түрлі – түсті қарындаштар және т.б).
2) Ә. Кекілбаевтың шығармаларын (прозасы, поэзиясынан) мәнерлеп оқу байқауы.
Қойылатын талаптар: Байқауға 1 оқушы қатысады, өзі таңдаған 1 шығармасын мәнерлеп оқиды. Берілетін уақыт 3-5 минут.
3) Шығармашылық жұмыс. Ә. Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы.Алдын ала жұмысы жіберілуі керек. Таныстырлымы зуум арқылы өтеді.

Пайдалы ақпараттық ресурстар