08 Маус 2021
Жаңалықтар

Ю. Гагарин атындағы білім ошағының орта мектеп болғанына биылғы жыл 30 жыл толады.

Ю. Гагарин атындағы білім ошағының орта мектеп болғанына биылғы жыл 30 жыл толады. Демек, тәуелсіздік құрдасы. Аудан орталығының іргесіндегі шағын да, берекелі ауылдағы білім ордасында « мектептің жүрегі»- деп айтуға лайықты ұстаздар көптеп саналады. Солардың бірі, бүкіл саналы өмірін алақандай ауылдың білім саласын көтеруге арнаған, ұлағатты ұстаз, аяулы жар, ардақты ана Дүйсенбаева Тоғжан(Төлбасы) Сүндетбайқызы. Тоғжан апай 1948 жылы 3-қаңтарда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Тасарал ауылында дүниеге келген. Тасарал сегізжылдық мектебін, Сарышаған орта мектебін өте жақсы бітірген. 1974 жылы ҚазМУдің филология факультетін аяқтады. 1976 жылы бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданы, Социалистік (Қарғыба) ауылына келін болып, Мүфтиев Мақсат ағамен отбасын құрайды. Сол 1976 жылдан 2007 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін Ю. Гагарин мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үлгілі мұғалімі болып қызмет атқарды. Мектептің қоғамдық өміріне де белсене араласты. Сынып жетекшісі,жас мұғалімдердің тәлімгері,пән бірлестігінің жетекшісі болып,сапалы білім саналы тәрбие беруде аянбай қызмет етті. Әріптестері арасында сыйлы, шәкірттері алдында өнегелі мұғалім Тоғжан Сүндетбайқызы өзінің әр сабағын аса зор әзірлікпен өткізіп, әр оқушымен қабілетіне қарай жекелеме жұмыстар жүргізді. Тамыз маслихаттарында үлгілі сабақтарын көрсетіп, әдістемесі жөнінде педагогикалық оқуларда баяндамалар жасады.«Бұлақ көрсең көзін аш»-деген нақылды басшылыққа ала отырып, оқушыларын шешендік өнерге, ақындыққа, көркем тілмен шығарма жазуға баулыды. Оқушының сауатты жазуына, мәнерлеп оқуына, қаллиграфиясына аса мән беретін.«Тіл ұстарту»- атты қазақ тілі үйірмесін жүргізді. Көбіне ашық сабақтарын тіл сабақтарынан өткізетін. Ал, әдебиет сабақтары поэзия минуты, драмалық көріністермен кіріктіріліп оқушыларын сабаққа баурап алатын. Өзі сабақ беретін сынып оқушыларының әр қайсысының ата-анасымен тығыз байланыса отырып, кемшін тұстарын түзетуге аса мән беретін. Сол кездің әдебиет сабағында тақырыпқа сай эссе(ой толғау) жаздыратын.

{gallery}4{/gallery}

Пайдалы ақпараттық ресурстар