08 Маус 2021
Жаңалықтар

"Əскери антқа адал болғандар..."

Кеңес əскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылуының 32 жылдығына орай Қ.Билялов атындағы мектеп-лицейінде "Əскери антқа адал болғандар..." тақырыбында ауған соғысының ардагерлерімен карантиндік шараларды сақтай отырып 9 б сыныбы оқушыларымен кездесу өтті. Аталған кездесуге ауғандық жауынгерлер С.Ибраев, Б.Шакер және Қ.Жаманбаевтар шақырылды. Кездесу барысында оқушыларға əскери ант ұғымы мен оны орындаудағы ел қорғаушылардың міндеттері туралы мағлұматтар берілді.Сондай-ақ, кездесу қонақтары оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, кездесуді ұйымдастырушыларға (əскери жетекші М.Иманжанов, тәлімгер Б.Ережепова) өз алғыстарын білдірді.

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар