08 Маус 2021
Жаңалықтар

Жалпы білім беретін ұйымдардың оқушылары арасында аудандық Ілияс Жансүгіров оқуларының өткізу

Жалпы білім беретін ұйымдардың оқушылары арасында аудандық Ілияс Жансүгіров оқуларының өткізу
ЕРЕЖЕСІ
І. Жалпы ереже
1. Ілияс Жансүгіров оқуларының ұйымдастырушысы аудандық білім бөлімі.
Осы ереже жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында өткізілетін Ілияс Жансүгіров оқуларының мәртебесін, мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.
Жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында өткізілетін Ілияс Жансүгіров оқуларының міндеттері мен мақсаттары:
2. І.Жансүгіров оқуларының мақсаты жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында І.Жансүгіров шығармаларын насихаттау, жалпы білім беретін мектептер оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау, оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіретін жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету.Ілиястың прозалық, драматургиялық шығармаларымен және ғылыми зерттеулерімен танысып, ол туралы өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуге дағдыландыру.
3. Жансүгіров оқуларының міндеттері мектеп оқушыларының ақын өмірі мен шығармашылығын тануға деген қызығушылықтарын арттыру, ақынның рухани мұрасын, ақын өмірі жайлы мәліметтерді игеруді насихаттау, жаңа буынның интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру, дарынды оқушыларға қолдау жасау.

ІІ. Жансүгіровоқуларының қатысушылары

1. Жансүгіров оқуларына 7-11 сыныптарының оқушылары қатыса алады.

ІІI. Жансүгіров оқуларын ұйымдастыру және өткізу тәртібі

1. Жансүгіров оқуларын өткізу төрт номинациядан тұрады.
1-номинация:Жансүгіров оқуларына қатысушы Ілияс Жансүгіровтың прозалық немесе поэзиялық шығармасын таңдап алып, шығарма немесе жазбаша талдау жасап комиссия мүшелеріне алдын – ала тапсыруы керек. Бұл жерде талапкердің әдебиетті сүюімен қатар, әдеби шығармаларға деген ғылыми көзқарасы, өзіндік пікірі, ой – талғамы қандай екендігі бағаланады. Шығарма немесе талдау жұмысының компьютерде тергендегі көлемі үш беттен аспауы керек.
2- номинация:
- талапкер Ілияс Жансүгіровтың бір өлеңін жатқа, мәнерлеп оқиды.
3 - номинация:
- талапкер өз шығармашылығымен таныстырады, жатқа, мәнерлеп оқиды.

Пайдалы ақпараттық ресурстар