08 Маус 2021
Жаңалықтар

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,
өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.
Ыбырай Алтынсарин

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Осындай құрметке ие болған, ұстаздық жолда әр тұлғанын болашағына жол аша білген зейнеткер ұстазымыз- Жақиянова Күлзипа Жакияновна.
Жақиянова Күлзипа Жакияновна 1946 жылы қазіргі Жетіарал ауылында туылған. 1964 жылы В.И Ленин атындағы орта мектепті бітірді. 1978 жылы Семей қаласындағы Н.К Крупская атындағы мұғалімдерді даярлайтын оқу орнында сырттай оқып, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мамандығын бітірді. Алғашқы еңбек жолын Жетіарал ауылында Ленин мектебінде қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі қызметінен бастады.
1967 жылы Байтоғас ауылы, алғашқы атауы А.И Микоян атындағы сегіз жылдық, кейіннен Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектебінде бастауыш сыныптарға сабақ берді. Мектеп ішінде, аудан мектептерінде іс-тәжірбиесі таратылды. Аудандық, облыстық мақтау қағаздары мен марапаттарға ие болған.
1996 жылы зейнеткерлікке шықты. Қазіргі таңда екі баланың ардақты анасы, үш немере, үш шөберенің аяулы әжесі.

{gallery}5{/gallery}

Пайдалы ақпараттық ресурстар