08 Маус 2021
Жаңалықтар

Тарбағатай білім бөлімінің жоспарына сай мектепалды даярлық тобының тәрбиешілеріне аудандық семинар ZOOM форматында өткізді.

Тарбағатай білім бөлімінің жоспарына сай мектепалды даярлық тобының тәрбиешілеріне аудандық семинар ZOOM форматында өткізді.
Семинар тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту»
Мақсаты: мектепке дейінгі білім беруде заманауи педагогикалық технологияларды пайдалана отырып тәрбиелеу мен оқыту ісін жоғарғы деңгейге көтеру және тәрбиеленушінің шығармашылық қабілетін дамыту.
Семинарда Абай атындағы орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Набиева Алтынгуль Мырзагалиевна сауат ашу пәнінен «Ғарышқа сапар. Ғ дыбысы мен əрпі» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөліссе, С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің мұғалімі Какишева Армангуль Турдашовна көркем әдебиет пәнінен «Тиімді тамақтану», Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің мұғалімі Улькуева Динара Каланбековна жаратылыстану пәнінен «Әр жыл мезгілінде қандай өзгерістер болады?» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

{gallery}6{/gallery}

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар