08 Маус 2021
Жаңалықтар

Ұстаз – ұлы есім.

Ұстаз – ұлы есім.
Құнафышев Амантай 1952 жылдың 23 наурызында Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Бозша ауылында дүниеге келген. 1959 жылы Жаңа Бозша бастауыш мектебіне барды. Бастауыш мектепті бітірген соң, 1963 жылы Тұғыл кентіндегі Ш.Уалиханов орта мектебінің 5-ші сыныбына барып, осы мектепті 1969 жылы бітіріп шықты.1969-1971 жылдар аралығында Покровка совхозында жұмыс істеді. 1971-1973 жылдары Совет Армиясында Отан алдындағы борышын өтеді. 1973-1975 жылдары Алматы қаласында құрылысшы болып жұмыс істеді.1975 жылы Алматының шетел тілдері педагогикалық институтына түсіп,1979 жылы неміс тілі мамандығы бойынша бітіріп шықты. Осы жылы Покровка орта мектебіне неміс тілі пәнінің мұғалімі болып орналасты. Қызмет еткен жылдары шәкірттерге сапалы білім, саналы тәрбие берді. Шет тілі бойынша жоғары оқу орындарына түсіп,осы мамандықта еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет атқаратын шәкірттері көптеп саналады.Солардың қатарында Қаратаева Баянгүл Семей қаласында ұстаз болып қызмет атқарады.Ешеева Жанар Нью-Иоркте қызметте.Жетекшілік етіп тәрбиелеген шәкірттері де биіктерден көрініп,еңбек етті. Рақышев Қанат,Абзалбеков Кенжеғазы , Дүкенбаев Оралбек,Нұргендіров Ерболат,Қабдоллаева Бақытқан,Қайсанова Гүлмира,Қайсанов Ерболат т.б көптеген оқушылары әр салада қызмет атқарып,үлгілі жанұялар қатарынан саналуда.Оқу-тәрбие процесіндегі жетістіктері үшін көптеген марапаттарға ие болды. 1985 жылы жеткен жетістіктері: Облыстық білім бөлімі кәсіподақ ұйымының құрмет грамотасымен,Ауданның 80 жылдығына орай ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына,қоғамдық өміріне белсене арласқаны үшін аудан әкімінің грамотасымен,Білім саласындағы үздік жемісті еңбегі мен қоғамдық жұмыстарға белсене арласқаны үшін Тарбағатай ауданының білім беру бөлімінің грамотасымен, аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының грамотасымен, Тәуелсіздік мерекесіне орай аудан әкімі Д.Оразбаевтың алғыс хатымен марапатталды және басқа мектепшілік,ауылдық марапаттарға ие болды. 1990 жылы облыстық халыққа білім беру басқармасының бұйрығы бойынша «Аға мұғалім» атағы берілді.

{gallery}7{/gallery}

Пайдалы ақпараттық ресурстар