08 Маус 2021
Жаңалықтар

Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу.

Ұстаз – ұлы есім
Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады
Игембаева Аймангүл Кәменқызы 1948 жылы 3 желтоқсанда қазіргі ШҚО Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылында дүниеге келді.
1956 жылы Көкжыра ауылындағы орта мектеп табалдырығын аттап, 1966 жылы мектепті «үздікке» аяқтады.
1966 жылы қазіргі Семей қаласының Крупская педагогикалық институтын бітіріп,физика және астрономия мұғалімі мамандығын алып шықты.
Алғаш рет еңбек жолын 1970 жылы Ақсуат орта мектебінде физика пәнінен мұғалім болып бастайды. 1975-2008 жылдары Жданов орта мектебінде физика пәні мұғалімі қызметін атқарады. Осы еңбек істеген уақытта шәкірттері аудандық, облыстық олимпиаданың жүлдегерлері атанды. Ол еңбегі еленусіз қалмай, аудандық, облыстық білім бөлімі алғыс хаттарымен марапалды. Ұстаздың салып кеткен сара жолын жалғаған талай шәкіттері еліміздің экономикасын көтеруге ат салысып, басқа салаларда еңбек істесе, бірнеше шәкірті физика пәні мұғалімі болып, бала тәрбиелеуде.
2008 жылы «Оқу ісі ардагері» атағын алып, зейнеткерлікке шықты. Ұстаздың құрметіне 2015 жылы қазіргі Екпін ауылының Ы.Кабеков атындағы орта мектебінде Игембаева Аймангүл Кәменқызы атындағы физика және астрономия сынып бөлмесі ашылды. Өзінің өсірген үш баласы да мұғалімдік жолды таңдап, ел ертеңі үшін аянбай шәкірт тәрбиелеуде. Бір қызығы екі келіні де Ы.Кабеков атындағы орта мектепте аналарының ізін жалғап, мұғалімдік қызмет атқаруда. Аймангүл Каменқызы зейнеткерлікке шықса да, әлі күнге дейін мектептен қол үзген емес.

{gallery}8{/gallery}

Пайдалы ақпараттық ресурстар