08 Маус 2021
Жаңалықтар

Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі.

Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі.
ШҰҚЫЖАНОВА ЗАМИҒА ШАКЕНҚЫЗЫ
1988-2019 жылдары К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінде тарих –қоғамтану пәні мұғалімі. Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісі иегері.
1960 жылы 16 қыркүйекте Семей облысы, Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында туған.1968-1978 жылдар аралығында Ақсуат орта мектебінде оқып, орта білім алды. Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтының тарих-қоғамтану факультетін бітірген.
Еңбек жолын 1981 жылы Ақсуат бастауыш мектебінде пионервожатый-тәлімгер,бастауыш сынып мұғалімі болып бастады. 1988 жылы Ақсуат бастауыш мектебі Ақсуат орта мектебіне қосылған кезде осы білім ордасына ауысты.2006-2015 жылдарда мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып істеді. Өзі оқып білім алып, еңбек еткен білім ордасының шежіресін жинақтау және өлке тарихын зерттеу жинақтаумен айналысады. Бірнеше әдістемелік және өлкетануға байланысты авторлық бағдарламалар жасаған. Мектеп шежіресі, ұстаздар өнегесі жайлы мақалалары облыстық, аудандық басылымдарда жарық көрген. Ұзақ жылдар аудандық білім бөлімі жанындағы тарих пәні бойынша шығармашылық топтың жетекшісі және тарих пәнінен штаттан тыс инспектор болып қоғамдық негізде жұмыстар атқарып, аудандық білім беру саласына өзіндік үлес қосты.
Балалары: Шұқыжанова Айым Нұртасқызы – осы мектептің 2006 жылғы «Алтын белгіге» бітірушітүлегі және өзінің жолын қуушы шәкірті.Алматыдағы Абылайхан атындағы Қазақ Әлем тілдері және Халықаралық қатынастар университетінде оқытушы доцент, Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша РҺ докторы.
Шұқыжанов Айдын – 2009 жылғы түлек, мамандығы экономист-менеджер
Ғайса Сабыржан – 2014 жылғы түлек, мамандығы мұғалім, К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінде.
Келіні Ғабдулжапарова Гаухар да осы мектепте ағылшын тілі мұғалімі.

{gallery}13{/gallery}

Пайдалы ақпараттық ресурстар