08 Маус 2021
Жаңалықтар

Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі.

Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі.
Қайыпхан Жунисбекович 1956 жылы 1-қыркүйекте ШҚО Тарбағатай ауданы, Ласты совхозында дүниеге келген. 1963 жылы Қарасу ауылындағы Чкалов атындағы мектептің 1-ші сыныбына барып, 1973 жылы аталған мектепті аяқтап шығады.1976-78 жылдары әскери борышын өтеп келеді .1978 жылы Өскемен қаласындағы СССР-дің 50-жылдығы атындағы педагогикалық училищесіне түсіп,1980 жылы сызу және еңбек мұғалімі деген мамандық бойынша бітіріп шықты. 1984 жылы Өскемен педагогикалық институтына түсіп,1989 жылы аталған институттың толық курсын " Жалпы- техникалық пәндер және еңбек " мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1980 жылы Б.Майлин атындағы мектепке сызу және еңбек пәнінің мұғалімі болып орналасады . 1994 жылы қаңтарда директордың оқу ісінің меңгерушісі қызметіне, ал 1994 жылы маусымда осы мектепке директор болып тағайындалды. Мектеп директоры қызметін атқара жүріп, мектептің білім мен тәрбие бойынша алдыңғы қатардан көрінуіне үлес қосты.1999 жылы өз өтініші бойынша директорлық қызметтен кетіп, аталған мектепте мамандығы бойынша өз қызметін атқарады. 2010 жылы жоғары деңгейдегі 1- санатты технология және сызу пәні мұғалімі біліктілік санаты берілді.Қызмет етіп жүрген жылдары үнемі білім көтеру курстарына қатысып отырды.Оқушылары сызу және экономика пәндерінен аудандық, облыстық пән олимпиада жүлдегерлері.( Маулитова Д, Ерғалиева Қ, Маулитова Ш т.б)1980 жылдан 2019 жылға дейін Б.Майлин атындағы мектепте 40 жылдан астам еңбек еткен ұстаз, аудандық білім бөлімінің арнайы алғыс хаттарымен марапатталған. 2019 жылы аяулы ұстазды мектеп ұжымы зейнеткерлікке жіберді Нағыз өз мамандығының шебері, ұлағатты ұстаз болған Қайыпхан ата қазірде жұбайы Төкен апамен немере,шөбере сүйіп,олардың ортасында еңбектерінің зейнетін көріп отырған, бақытты қариялар. Қайыпхан ағаны ауылдастары ұстаз ретінде ғана емес адамгершілігі мол, сыйлы адам ретінде де қатты құрметтейді.

Пайдалы ақпараттық ресурстар