08 Маус 2021
Жаңалықтар

Тарбағатай ауданы Қожагелді батыр атындағы Ақсуат орта мектебінің 10 сынып оқушысы Лензатов Ерзат Елбасы медалімен марапатталды.

Тарбағатай ауданы Қожагелді батыр атындағы Ақсуат орта мектебінің 10 сынып оқушысы Лензатов Ерзат Елбасы медалімен марапатталды.
"2020 жылы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы белсенді және талантты жастарды қолдау бойынша «Ел үміті» жалпыұлттық саясатын ұсынды. Бұл бастама аясында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры дарынды балаларды анықтайтын «Қабілет», «Елбасы медалі» сынды бірнеше бірегей жобаны қолға алды. «Елбасы медалі» бағдарламасына қатысу тәртібі Үкімет қаулысымен бекітіліп, Тұңғыш Президент қорының қолдауымен өтіп жатыр. Оның басты мақсаты - өскелең ұрпақты қолдау және ынталандыру».
«Елбасы медалі» жобасында әрбір қатысушыға өзін-өзі дамыту үшін жеті бағыт ұсынылған: «Спорт және дене шынықтыру», «Кітап оқу», «Дарын мен дағды», «Ұлттық мұра», «Еріктілік», «Туристік саяхаттар» және «Еңбек тәжірибесі». Бағдарламаны әзірлеуде үздік әлемдік тәжірибе қолданылған.

«Байқауға қатысушылар жасы 14 пен 29 жас аралығында болу - бағдарламаның негізгі шартының бірі. «Елбасы медалін» мақсатына ұмтылған әрбір қазақстандық жас буын иелене алады. Бағдарламаға қатысу үшін me.fpp.kz онлайн платформасына тіркеліп, ұсынылған «алтын», «күміс» немесе «қола» бағыттарын таңдау керек. Содан кейін өзіңізге арнайы бекітілген тәлімгердің көмегімен өз қалауыңызға сай іс-шаралар мен кестені таңдап, жеке даму бағдарламасын жасайсыз.

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар