08 Маус 2021
Жаңалықтар

К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінде жоғарғы санатты ағылшын тілі пәні мұғалімі,директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болған Камитжанова Айым Рахымбекқызы.

Ұстаз – ұлы есім!
К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінде жоғарғы санатты ағылшын тілі пәні мұғалімі,директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болған Камитжанова Айым Рахымбекқызы.
Айым апайдың рухани байлығы, ең алдымен балаға деген махаббаты, жоғарғы адамгершілігінен байқалады. Бойында ерекше ұлтжандылығы мен еңбекқорлығы, қарапайымдылылығы мен жігерлілігі бар тұлға –ортамыздағы ұлы тұлға зейнеткер.
Халқымыз “Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!” – деп тегін айтпаған ғой. Орынды айтылған жылы сөз адамның жігерін жігерлендіреді, өмірге құштарлығын арттырады, жан сарайын жаңғыртады. Міне, осындай Ақсуат өңіріне белгілі, жақсы азаматшалардың бірі –аяулы ана,ұлағатты ұстаз болған Камитжанова Айым Рахымбекқызы.“Сайына қарай саласы, әкесіне қарай баласы” деген сөз тегін айтылмаған. Әкеден – ақыл, шешеден мейір көріп өскен Айым Рахымбекқызының бойындағы асыл қасиеттерінің бәрін оның тектілігінен іздеген жөн шығар.
Айым Рахымбекқызы 1960 жылы 05 сәуір ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ойшілік ауылында дүниеге келген. Алғаш мектеп табалдырығын 1967 жылы Комсомол атындағы орта мектептен бастады.
1978- 1983 жылдары аралығында Алматы қаласында, Алматы педагогикалық шет тілдері институтын тәмамдап (АПИИЯ), ағылшын тілі және неміс тілі пәні мұғалімі мамандығына ие болған.
1983 жылдан бастап Сасан Би атындағы орта мектепте ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс атқарды. Содан кейін Ойшілік орта мектебінде ағылшын тілі пәні мұғалімі қызметін атқарған.
2013 жылдан бастап К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінде жас ұрпаққа сапалы білім,саналы тәрбие беруде қажымас қайратымен,өнегелі үлгісімен, жаңашылдық жолымен,адамгершілік қасиетімен, қоғамдық жұмысымен, заманауи саясатымен,ұстаздық жолын көрсете отырып мектебімізге балаларымызға сабақ берді.Ел игілігі жолында атқарған еңбегі елеусіз қалған жоқ.Білім және ғылым министірлігінен бірнеше аудандық, облыстық «Алғыс хаттардың» иегері.
Сондай ақ бір қыз,екі ұл,екі келіннің, онға жуық немерелердің апасы жаны жайсаң педагог апамызды өмір жасыңыздың ұзақтығын, бақытының баяндылығын тілейміз.

Пайдалы ақпараттық ресурстар