1 наурыз Алғыс айту күнімен құттықтаймыз!
Көктемнің алғашқы күнімен таласа келген «Алғыс айту» күнімен баршаңызды құттықтаймыз!
Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіреді. Бұл мереке қиын-қыстау жылдары қазақ халқының көрсеткен қамқорлығы мен мейірімділігінің ұмытылмайтынын білдіреді.
Алғыс айту күні – ортақ тарихымызға көрсетілген құрметтің, бүкіл қазақстандықтардың өз шаңырағына айналған киелі қазақ жеріне деген ризашылықтың белгісі.
Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер күн. Сіздерге мықты денсаулық, мол бақыт, береке-бірлік тілейміз!
08 Маус 2021
Жаңалықтар
1 наурыз Алғыс айту күнімен құттықтаймыз!
Пайдалы ақпараттық ресурстар